Жақында Болат Өтемұратовтың бастамасымен қолдау тапқан игі іске орай “Қызыл жарты ай” қоғамы мен “Форте банк” АҚ бірлесіп, өрттен, тасқын судан зардап шеккен облысымыздың 300-ден астам тұрғынына материалдық көмек көрсетті.
Зардап шеккен азаматтарға қолдау білдіру мақсатында жүзеге асқан іс-шара аясында аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсетілді. Жанашыр жандар мұқтаж жандардыкиім-кешекпен, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуде. “Қызыл жарты ай” қоғамының өкілдерінің айтуынша, зардап шеккен отбасыларға 270 мың теңге қаржы жиналып, табысталды.
“Аталмыш жобаның басты мақсаты – табиғат апаты салдарынанүйсіз қалғандарға қол ұшын созу. Осы орайда көпбалалы жəне аз қамтылған отбасыларды бірінші орынға қойдық. Өңірімізде орын алған су тасқыны əсерінен көптеген егіс алқаптары да зардап шегуде. Бау-бақша иелеріне де қолдау көрсетеміз”,-деді”Қызыл жарты ай” филиалының директоры Сəуле Оразова. Ұлттық “Қызыл жарты ай” қоғамының қаржы директоры Мақсат Əлдешевтің айтуынша, өңіріміздегі көмекке мұқтаж жандарға 8,2 млн теңге жұмсалмақ.