Қазақстандық кәсіпқой теннисші Зарина Дияс АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін “Western & Southern Open” турнирінде сынға түседі.
Жуырда отандасымыздың іріктеу кезеңінде кіммен кездесетіні белгілі болды. Жеребеге сәйкес, Зарина “Whild card” жүлдесінің иегері, әйелдер арасында әлемнің 133-ші ракеткасы америкалық Энн Лимен ойнайды. Бұған дейін қос спортшы аталмыш турнирде бір-бірімен кездесіп көрмеген.
Зарина Дияс коронавирустың кесірінен халықаралық турнирлердің өткізілмеуіне байланысты үстіміздегі жылдың ақпан айынан бері кортқа шыққан жоқ.