«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҒИП ЖАНДЫ ТОНАҒАН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

Тәртіп сақшыларына Аққайың ауданының 42 жастағы тұрғыны белгісіз біреу Петропавлдағы мейманханалардың бірінің алдында өзін тонап кеткенін айтып арызданған. 

«Мейманханадан шыққан ауыл тұрғынының қолында 7 мың теңгесі болған. Бейтаныс адам келіп одан темекі сұраған, кейін қолындағы ақшасын тартып әкеткен. Жәбірленушінің көзі нашар көреді, мүгедек, сол себепті қылмыскердің түсін түстеп бере алмады», – дейді бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері. Дегенмен, зағип жанға жасалған шабуыл бір сағатқа жетпей ашылды. Полицейлерге қонақ үйде орнатылған сыртқы бейнекамералардан алынған жазба көмектесті. Тез арада күдіктінің түр-әлпеті құрастырылды. «Іздестіруге кіріскен сақшылардың жұмысы нәтижелі болды. Күдікті қолға түсті. Ол ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған Қызылжар ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің бастығы Балабек Жахин. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp