«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жыл басынан бері облыс полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 69 рейд өткізді. 28 жасөспірім есепке қойылды. Көктемгі мерекелер қарсаңында бұл жұмыс қайта жандандырылды.

Қалалық ювеналдық полиция бө­лімшесінің рейдтік топтары күнде кеш­ке көшелер, аулалар, дәмха­на­лар мен компьютер клубтары сияқты жастардың жиналатын жерлерін тек­середі. Кәмелетке толмағандар та­рапынан қылмыс пен құқық бұзушы­лық жасалуының алдын алу – тәртіп сақшыларының басты міндеті.
Рейдтің алғашқы үш сағаты ішін­де қалалық ювеналдық полицейлер түнде көшеде қыдырып жүрген үш жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары шақыртылып, ескерту жасалды.
– Қалалық полиция басқармасы­ның қызметкерлері рейдтік іс-шаралар­ды күн сайын өткізіп тұрады. Кә­мелетке толмағандар анықталған жағ­дайда ата-аналары шақырты­лып, Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ра­лы кодекстің 442-бабы бойынша ескерту түріндегі жазаға тартылады. Егер бір жыл ішінде жасөспірім тарапынан мұндай қылық қайталанса, заңды өкіліне әкімшілік хат­тама толтырылып, 7 айлық есептік көр­сеткіш түріндегі айыппұл салы­на­ды, – деді ювеналдық полиция бө­лім­шесінің бастығы, полиция майоры Эльмира Абушева.
Кәмелетке толмағандар тара­пы­нан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы облыстық поли­ция департаменті басшылығының бақылауында. Жыл басынан 609 құқық бұзушы, оның ішінде бала­ларының түнгі уақытта үйден тыс жер­де және көңіл-көтеру орында­рында жүргені үшін 362 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің аға инспекторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp