
Тәртіп сақшылары Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін бір күнде 128 шетелдік азаматты әкімшілік жауапқа тартты.
Өзбекстан елінің 1988 жылы туған азаматы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, бақылау бекетін айналып өткен. Оның осыған дейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылғаны белгілі болды. Заң бұзушы облысымызға бірнеше күн бұрын оңтүстік өңірден келген екен. Олел аумағынан қайтадан шығарылуы мүмкін.
Жыл басынан бері облыстың көші-қон қызметі 1217 шетелдікті жауапкершілікке тартты. Олардың 51-і ел аумағынан шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 56 жұмыс беруші жазаланып, 9,5 млн. теңге айыппұл төледі.