«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко “Бақылау – мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсартудың ең тиімді құралы”, – деді. 

Белгілі болғандай, департамент мамандары 55 бақылау шарасын өткізіп, тиісті заңнаманың бұзылуының 5 581 фактісін анықтаған. Егер былтыр 11 әкімшілік хаттама толтырылған болса, бүгінгі күні оның саны 82-ге жеткен. Осыдан-ақ, мемлекеттік органдардағы мамандардың рұқсат беру құжаттарының тәртібі мен мерзімдерін жиі бұзатынын көруге болады. Департаментке келіп түскен 31 шағымның 58 пайызы жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты болған. Жеті өтініште көрсетілген заңсыздықтар расталып, азаматтардың құқықтары толық калпына келтірілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp