«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАН

Қызылжар өңірінде «Биоресурстарды қорғау» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Полицейлер он бес күнге созылған шара барысында қорықшылармен және шекара қызметімен тығыз байланыста жұмыс істеді.

      Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс аумағында аң аулауға тыйым салынған. Дегенмен, мұны елемейтіндер де бар. Облыс аумағында операция өткізілген күндері он адам әкімшілік жауапқа тартылған. Заңсыз аң аулауға шыққандардың бірі қарумен, енді бірі тұзақ және қақпанмен ұсталды.
-Өзен-көлдерде балық аулау үшін рұқсат қағазы болуы қажет. Қызылжар ауданындағы Ұялы көлінде екі ер адам жалға берушіден рұқсат құжатын алмастан заңсыз балық аулаған. Ауыл тұрғындарына әкімшілік хаттама толтырылды, енді айыппұл төлейді, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының бастығы Асқат Қожабаев. 

Жалпы алғанда облыста жыл басынан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодектің талаптарын бұзған 81 адам жауапқа тартылды. Заңсыз ағаш кескендер ұсталып, сотқа 4 әкімшілік материал тапсырылды. Экологиялық қылмыстар тіркеліп, 9 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден 9 қару, 5 суық қару, 35 патрон алынды. Браконьерлерден жыл басынан келген шығын 2 млн. теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, шығын мөлшері бұдан да артық болуы мүмкін, өйткені кей сараптамалар әлі аяқталған жоқ. Ал «Биоресурстарды қорғау» іс-шарасы облыс аумағында 15 сәуір күні аяқталады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp