«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН ЖӘРДЕМАҚЫ АЛДЫ

Бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті 290 мыңнан аса отбасы алады. Алайда, олардың арасында мемлекеттік жәрдемақыны  заңсыз алып келгендер анықталып жатыр. Мұндай фактілер біздің өңірде де кездесті. 

– Атаулы әлеуметтік көмекті пайда көргендердің заңсыз істері әшкереленуде. Осы көмекті алу үшін табыстарын жасырады, әдейі ажырасады және тағы да басқа айлаларға барады. Жуырда Қызылжар ауданындағы жұмыспен қамту орталығында жүргізілген тексеріс кезінде 1711 ереже бұзушылық анықталды, – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі  облыстық департаментінің  бас маманы Индира Баженова. 
Тексеріс кезінде Қызылжар ауданында атаулы әлеуметтік көмек алып отырған үш отбасының бизнеспен айналысып, жақсы табыс табатындығы анықталыпты. Адамнан айла асқан ба? Бұл отбасылар біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жалақыларын жасыру арқылы, ең төменгі зейнетақы жарналарын аударып отырған. Енді олар осы күнге дейін алған қаржыны толық қайтаруы тиіс. Олай етпеген жағдайда үстерінен іс қозғалады. 
Ал Қазақстан  бойынша  екі мыңға жуық отбасы  атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келгені белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp