Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті карантин жағдайында дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен, сәйкестік сертификатынсыз сатқандарды анықтау үшін рейд жүргізіп жатыр.
Дәрі-дәрмекті алып-сатудың жолын кесу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында облыстың бір ауылында орналасқан заңсыз дәріхананың қызметі тоқтатылды. Дәріхана пункті азық-түлік дүкенінде міндетті лицензиясыз жұмыс істеп, бірқатар дәрі-дәрмекті сәйкестік сертификатынсыз сатып келген. Алдын ала есеп бойынша, шамамен 1 миллион теңгеден астам сомаға 438 дәрі-дәрмек тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
www.inform.kz