«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛҒАНДАРДЫҢ ІСІ СОТТА

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында “Әлеуметтік қамтамасыз етудің тиімді жүйесі” тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауының және сайлауалды бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Баспасөз мәслихаты барысында Асқар Жоламанұлы биыл өңірімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға қомақты қаржы бөлінгеніне баса назар аударды.

жағдайын жақсарту және әділ әлеу­меттік саясат құру мақсатында қыруар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, биылғы жылдың сәуірінде атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгергелі, мұндай көмекті алып келгендер са­ны 13 есеге артып, 27 мыңға жеткен. Бұл мақ­сатқа облыстық бюджеттен 2,5 млрд., республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге жұмсалған. Көпбалалы отбасылардың әр сәбиіне келесі жылдан бастап республикалық бюджеттен 10-11 мың теңге көлемінде мем­лекеттік жәрдемақы төленбек. Оны тағайын­дауда отбасының табысы есепке алынбайты­нын айта кету керек. Аз қамтылған отбасылар­дың балалары мектепте ыстық тамақпен, жо­лақымен, мектеп киімімен және оқу құрал­дарымен қамтамасыз етілмек.
– Алайда, өз табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар да жоқ емес. Ондай отбасылардың саны 1152 болып шықты. 705-іне көмек көрсетуден бас тартыл­ды. 167 отбасы 14,7 млн. теңге көлеміндегі қар­жыны бюджетке қайтарды. 20 іс сотта қа­ралуда, – деді Асқар Сақыпкереев.
Тұрғындарды масылдық пиғылдан арылту мақсатында бірнеше бағытта жұмыс жүргізілу­де. Мәселен, отбасының еңбекке жарамды мүшесі өзіне ұсынылған жұмыстан бас тартса, сол отбасының барлық мүшелері атаулы әлеуметтік көмектен қағылады. Бұған дейін жұмыс істеуден бас тартқан адамның өзі ғана мұндай көмектен айырылатын.
2017 жылдан бастап тұрғындарды жұмыс­пен қамту “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Биыл біздің өңірімізде бұл бағдарламамен 24 мың адам қамтылып, 9,9 млрд. теңге игерілді.
Әкімнің орынбасарының айтуынша, 1635 адам еңбек нарығында сұранысқа ие маман­дықтар бойынша білім алып, 465-і жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін қалған­дары да жұмыс орнымен қамтылмақ.
“Еңбек” бағдарламасының тағы бір бағыты – тұрғындарға өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие беру. Биыл бұл мақсатқа бөлінген қар­жы сомасы былтырғыдан 2,5 есе көп. 5,3 млрд. теңгеге жұмыссыз жүрген 637 адам өз ісін ашса, 384-і кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды. Оның үстіне несие алғандар 468 қо­сымша жұмыс орнын ашқанын айта кету ке­рек. Кәсіп бастағысы келетіндер үшін облыс­тық кәсіпкерлер палатасында “Бастау Биз­нес”, “Жас кәсіпкер” жобалары жүзеге асыры­луда. Түлектер үшін 100 және 200 айлық есеп­тік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант­тар қарастырылған. Оның игілігін биыл 1875 адам көріп, мал, құс, өсімдік шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету саласында өз ісін дөңгелетіп әкету мүмкіндігіне ие болды.
– Сонымен қатар 3292 адам қоғамдық жұ­мысқа тартылып, 774-і әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. 606 адам жастар тәжірибесі бойынша жарты жыл бойы еңбек етіп, айына 63 мың теңге айлық алғаны – олар үшін зор қолдау. Бүгінгі күні 1500 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Қолданыл­ған шаралардың нәтижесінде 2019 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық 4,8 пайыз­ды, жастар арасындағы жұмыссыздық 2,7 па­йызды, табысы күнкөрістің ең аз мөлшерінен төмен тұрғындардың үлес салмағы 5,1 пайызды құрады, – деді Асқар Жоламанұлы.
Баспасөз мәслихаты барысында оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіп келушілердің жайына тоқталған облыс әкімінің орынбасары биыл елордадан 100-ден астам отбасы көшіп келгенін, келесі жылы өңіріміз 3000-ға жуық адамды қабылдауға дайын екенін айтты. Өңір тұрғындарының 103 мың­нан астамы – зейнеткер. Сондықтан облысқа жұмыс күші қажет екеніне тоқталған Асқар Сақыпкереев бұл бағыттағы істер келесі жылы да жалғасын табатынын жеткізді.
Зейнеткерлер, мүгедектер мен ардагерлер де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы арда­герлеріне төленетін бірреттік төлемақы көлемі 252,5 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін, соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлға­лардікі 12,6 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін ұлғайтылған. Облыс аумағында бүгінде 68 соғыс ардагері тұрып жатыр, соғыс ардагерлеріне теңестірілген 603 адам бар. Жеңістің 75 жылдығына дайындық жұмыстары басталып кеткенін айтқан Асқар Жоламанұлы бірқатар қайырымдылық шаралары қарастырылғанын тілге тиек етті. Ардагерлер Мәскеу және Нұр-Сұлтан қалаларында өтетін парадтарға қатысатын болады.
Баспасөз мәслихатының соңында өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыс әкімінің орынбасарына өз сұрақтарын қойды.

Роза ШӘКЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp