«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН САЛЫҚ

Мүгедектігі бар жұмысшылардан жеке табыс салығы ұсталып келген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалау органы салық заңнамасын өрескел бұзу фактілерін талдау барысында анықтады.

Мәселен, 2023-2024 жылдары Ақжар, Есіл, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мамлют, Шал ақын, Та­йынша аудандарының жұмыс бе­рушілері Салық кодексінің талап­тарына қайшы, мүгедектігі бар 366 жұмысшыдан жалпы сомасы 16,9 млн. теңге жеке табыс салығын ұс­тап қалған. Бұл азаматтар заңға сәйкес салықтың бұл түрін төлеу­ден босатылған.

Есіл ауданында білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жалпы сома­сы 1,7 млн. теңгеге мүмкіндігі шек­теулі балалардың 24 заңды өкілінен жеке табыс салығын негізсіз ұста­ған.

Прокурорлық қадағалау акті­лерімен мемлекеттік кіріс органда­ры 6,2 млн. теңгені қайтарды. Қазір кінәлілерді заң бойынша жауап­кершілікке тарту шаралары қабыл­данып жатыр. Нәтижесінде қалған сома қайтарылатын болады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp