«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ САУДАҒА ТОСҚАУЫЛ

Облыс полицейлері есірткі затын заңсыз саудалаудың алдын алуға бағытталған “Допинг” жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

 Шараның бес күнінде тәртіп сақшылары есірткі затын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алу, сақтау, тіркеу, қолдану және жоюға қатысты 16 заң бұзушылықты анықтаса, соның төртеуі – есірткі затын саудалау фактісі. Сонымен қатар 94 грамнан артық әртүрлі есірткі заты, құрамында психотроптық заттар бар 2,5 мың дәрі-дәрмек пен 1,5 мыңнан астам дәрілік препараттың ампуласы, 3,2 литр прекурсор тәркіленді.
Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тексерген мекемелердің бірінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрі-дәрмектер сақталған сейфтің техникалық беріктігі талаптары сақталмағаны белгілі болды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте бұл үшін 63 мың теңгеге дейінгі айыппұл жазасы қарастырылған.
Облыс орталығындағы басқа бір мекемеде, сондай-ақ, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан бір кәсіпорында да осындай заң бұзушылық орын алды. Уәлиханов ауданында құрамында есірткі бар препараттардың бос ампуласы жойылмаған.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp