«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Облыстық тексеру комиссиясының отырысы өтті. Онда өз міндетін дұрыс атқара алмай, заң бұзушылыққа жол берген тексеру комиссиясы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, мемлекеттік аудиторлар мен бас инспекторлардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша жоспарлары, тексеру комиссиясының мәртебесін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері талқыланды. Жиынды облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин жүргізді. 
 

 Облыстық экономикалық тергеу департаментінде  19 млн. теңге көлемінде бюджеттік қаржыны жымқырғаны үшін Қызылжар аудандық ауруханасының бухгалтері  Г.Дубинцеваға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Айыпты тұлға 2016-2018 жылдар аралығында негізсіз түрде бюджеттік қаржыны өзінің жеке және үшінші тұлғалардың карталық шотына еңбекақы аударып отырған. Алайда, аудандық ауруханада облыстық тексеру комиссиясының атынан аудит жүргізуге жіберілген қызметкерлер Д.Лысенко мен Б.Зағыпаров бұл олқылықты дер кезінде анықтамаған. Сондай-ақ, тексеріс жүргізілген кезде айыппұлдарды негізсіз өтеу фактілері белгілі болған. Облыстық тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Ебжановның айтуынша, аурухана қызметкерлері есебінен көңіл көтеру-ойын-сауық шараларының ұйымдастырылуы да аудиторлардың заң бұзушылыққа жол беріп, орын алған олқылықтарға көз жұма қарауына себеп болуы мүмкін. Бүгінде заң бұзушылыққа жол берген және өз қызметін дұрыс атқара алмаған екі қызметкер жұмыстан босатылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаменті аталмыш кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мақсатында істі одан әрі қарастыратын болады.  Комиссия төрағасы Тілеген Төлегенұлы жиынға қатысушы мемлекеттік аудиторларға жұмысты ширатуды ескертіп, сыбайлас жемқорлық пен заң бұзушылыққа жол бермеу керектігін ескертті. 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp