«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСІП, ЖӘРДЕМАҚЫ КӨБЕЙДІ

2019 жылдың 4 желтоқсанындағы “2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері 7 пайызға артты.

Сонымен қатар аталған Заңға сәйкес жаңа жылдан бастап тағайындалған ең төменгі зейнетақы төлемі 38636 теңгені, төменгі базалық зейнетақы төлемі 16839 теңгені, күнкөріс мөлшері 31183 теңгені, айлық есептік көрсеткіш 2651 теңгені құрады.

Облыс аумағындағы 103955 зейнеткердің қаңтар айында зейнетақысы өсті. Үстіміздегі жылы зейнетақы төлемін есептеу барысында қолданылатын максималды табыс 121946 теңгені құрады (46 айлық есептік көрсеткіш). Күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 5 пайызға жоғарылады. Мәселен, жалпы аурудан 1 топ мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері былтырғы жылы 57021 теңгені құраса, биыл – 59872 теңге.
2020 жылы бала туғанда берілетін бірреттік және бала бір жасқа толғанға дейін сәби күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде 2651 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Мысалы бірінші, екінші, үшінші балаға төленетін біржолғы жәрдемақы 38 АЕК – 100738 теңге, 4 және одан көп баласы барларға 63 АЕК – 167013 теңге. Қолында мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналарға төленетін жәрдемақы күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты 5 пайызға жоғарылап, 43656 теңгені құрады.

Гүлбақыт МАНАБАЕВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Сурет https://avesta-news.kz/  сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp