
Тайынша ауданының 1952 жылы туған тұрғыны үйінен 900 мың теңге жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген.
Бұдан бірнеше күн бұрын оның үйінде түрлі тауар ұсынған бейтаныс әйелдің болғаны анықталды. Зейнеткер одан төсек жиынтығын, ыдыс-аяқ сатып алған. Бейтаныс әйел ертеңіне де келген. Үш күн өткен соң жәбірленуші ақшасының жоғалғанын анықтап, полицияға хабарласқан. Жедел уәкілдер әйелдің болған жерлерін анықтау үшін орасан көп жұмыс атқарды. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің Ақмола облысына іссапары барысында күдікті ұсталды. Ол 1988 жылы Молдова Республикасында туған әйел болып шықты. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Зейнетақысын тірнектеп жинаған зардап шегушінің шығыны толығымен қайтарылды.