«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕРЕК ЗАНИПА

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 10-сынып оқушысы Занипа Еғзам – үстіміздегі жылы 16-шы рет өткізілген “Абай оқулары” облыстық байқауының жеңімпазы. “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” аталымының шарты бойынша ұлы ақынның өлеңдерін мүдірмей, нақышына келтіріп, жатқа оқуда өзінің шеберлігін, қабілетін паш еткен Занипа алдағы қыркүйекте ұлы тұлғаның туған топырағы – Семейде өтетін республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.

– Абай атамыздың жүз өлеңін жатқа білемін. Олардың қатарында өзіме ерекше ұнайтын “Ескендір” дастаны, “Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?” сынды көлемді шығармалары бар. Бүгінде қызу дайындық үстіндемін. Республикалық додаға жүз елу өлеңмен қатысуды көздеп отырмын, – деген талапкердің жеңіс тұғырын бағындыруы үшін ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гүлбаршын Есмұханова аянбай тер төгуде. Келешекте қаламы қарымды журналист болуды армандаған Занипа бүгінде шағын әңгімелер мен мақалалар жазуға машықтанып жүр.

(Өз тілшіміз).

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp