«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗОР МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

Биылғы тарихи құжатта қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қатысты көптеген мәселе айтылды. Бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысын өсіру, бизнеске қолдау көрсету, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, ғылымға көңіл бөлу мәселелері орынды көтерілді. Әсіресе, әлеуметтік сала мен қазақстандықтардың қауіпсіздігі туралы айтылған тың ой көптің көкейіндегіні дөп басқандай.

Әлем елдерімен иық түйістірген Қазақстан дамудың даңғыл жолында. Елбасымыз айтқандай, біз ешкімнен кем емеспіз. Экономиканы көтеріп, халықтың жағдайын жақсартуға барлық мүмкіндігіміз бар. Тек соны жүзеге асыру қажет. Баршамыз Отанға адал еңбек еткенде ғана нақты нәтижені көруге болады.

“Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс”, – деген Мемлекет басшысының орынды сөзі әрбірімізге ой салуы керек деп ойлаймын. Сондықтан реформаларды табысты жүзеге асыру үшін ортақ мақсатқа жұмылу аса маңызды.

Өткен жылы қолға алынған “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында елімізде игі істер атқарылды. Биыл да бұл бастама жалғасын тауып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға тың серпін берілмек. Алдымызда бұл бағдарламаны жаңа мазмұнмен толықтыру міндеті тұр. Бұл орайда өскелең ұрпақты тарихты құрметтеуге, төл мәдениетімізді сақтауға тәрбиелеудің маңызы зор.

Әрбір адамға кіндік қаны тамған жері, туған ауылы ыстық қой. “Ауыл – алтын бесік” деп бекер айтылмаса керек. Руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың қайнары, береке мен байлығымыздың бастауы – ауылдың іргесі сөгілмеуі керек. Сондықтан ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту ұсынылды. “Ауыл – Ел бесігі” жобасының қолға алынуы ынтымақты елдің ырысын молайтуға септігін тигізбек.

Спартак РАМАЗАНОВ,

Н.Погодин атындағы

облыстық орыс драма

театрының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp