Жерлес зілтеміршілер – Юрий Захаров пен Мария Тимошина Өзбекстанның Ташкент қаласында классикалық пауэрлифтинг және зілтемірді жатып сығымдау бойынша өткен Азия және Океания біріншілігінен жүлделі оралды. Бұл сайыста Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Сингапур, Қырғызстан, Индонезия, Араб Әмірлігі, Түрікменстан, Ауғанстан сынды Азия құрлығы мемлекеттерінен 380 спортшы сынға түсті.
Додада 120 килограмға дейін салмақта өнер көрсеткен Юрий Захаров қоссайыс барысында 777 килограмды еңсеріп, жеңіске жетті. Спортшы, сондай-ақ, үш рекорд жасады. Мария Тимошина болса 63 килограмм салмақта абсолютті жеңімпаз атанып, “Best of the best” арнайы кубогына ие болды. Жас спортшы халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағына қол жеткізіп, көздеген мұратына жетті.
(Өз тілшіміз).