Кездесу барысында ұжым мүшелері жастарға құқық бұзушылықпен күрес жұмыстарымен қоса, қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға қол ұшын берудің маңыздылығын түсіндірді. Консультативтік-кеңестік орган мүшелері биылғы көктемгі тасқын судан зардап шеккен Васильковтар отбасына материалдық көмек көрсеткен. Бұл отбасының екі баласы осы оқу орнында білім алуда.
Мұндай кездесулер аталмыш колледжде жиі өткізіліп тұрады. Осындай жиындар арқылы студенттер аға буын өкілдеріне толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болады. Консультативтік-кеңестік орган мүшесі Александр Мерк бұл кездесулердің аса маңызды екендігін және көмекке мұқтаж жерлестеріне қол ұшын беріп тұратындарын айтты. Жиында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, жастар өздеріне қажетті ақпарат алды.
“Қызылжар-Ақпарат”.