«Волонтер жылы» аясында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың «#Игіістеруақыты» бастамасын қолдау мақсатында мемлекеттік қызмет істері облыстық департаменті ұжымы қайырымдылық шараларын жыл бойы үзбей өткізіп келеді.
Департамент қызметкерлері үшін әсіресе көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға ұшырағандарды қолтықтан демеу ізгі дәстүрге айналған.
Осы науқан аясында департамент қызметшілері Петропавл қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, ондағы тәрбиеленушілерге мектепке қажет құралдар мен сөмкелер сыйлады. Әрине, балаларға арналған тәтті-дәмдіні де ұмыт қалдырған жоқ.
Департамент тарапынан балалар ауылына бірнеше жыл бойы осындай көмек көрсетіліп келеді. Осы жылдар аралығында департамент қызметкерлері адал ниетпен балалар ауылының ауласын жинастырып, ойын алаңын сырлап, қарағайлар отырғызды. Департамент басшысы Елена Степаненко балаларға мықты денсаулық және үздік оқуға тілектестік білдіріп, өмірде өз мақсаттарына жету жолында құштарлық танытуға кеңес берді.