«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИГІ ІСТЕР КЕЗЕҢІ

“Волонтер жылы” аясында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың “Игі істер уақыты” бастамасын қолдау мақсатында мемлекеттік қызмет істері облыстық департаментінің ұжымы қайырымдылық шараларын жыл бойы үзбей өткізіп келеді.

Департамент қызметкерлері үшін, әсіресе, көпбалалы отба­сыларға қолдау көрсету, сондай-ақ, өмірде қиын жағдайға ұшырағандарды демеу ізгі дәстүрге айналған.

Осы науқан аясында департамент қызметшілері Петропавл қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылына ба­рып, ондағы тәрбиеленушілерге мектепке қажет құралдар мен сөмкелер сыйлады. Әрине, балаларға арналған тәтті-дәмдіні де ұмыт қалдырған жоқ.

Департамент тарапынан балалар ауылына бірнеше жыл бойы осындай көмек көрсетіліп келеді. Сонымен қатар осы жылдар аралығында балалар ауылының ауласын жинастырып, ойын алаңын сырлап, қарағайлар отырғызды. Департамент басшысы Елена Степаненко балаларға мықты денсаулық және үздік оқуға тілектестік білдіріп, өмірде өз мақсаттарына жету жолында құштарлық танытуға кеңес берді.

Қайрат САДЫҚ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp