«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ЖАС БУЫН

Уәлиханов ауданындағы Қожахмет Хазірет атындағы аудандық мешіттің бас имамы Өсірбай Шәкенов ауданның жастарымен кездесті.

Кездесу барысында дін өкілі әлемде болып жатқан жағдайларды мысалға ала отырып, теріс ағымдардың қоғамға тигізетін кесапаттарын сөз етті. Зейін қойып тыңдаған оқушылар мен жастардың имамға қояр сауалдары да аз болмады. Ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы, психолог Бауыржан Ахметов “Терроризм мен экстремизм” тақырыбында ой қозғап, одан қалай сақтану керектігі туралы түсінік берді. Кездесуде “Соқыр сенім”, “Діни мекемелердің ерекшеліктері” тақырыбында бейнеқойылымдар көрсетілді.

Дәуренбек ҒАЛЫМОВ,

зейнеткер.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp