«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Биыл шетел инвесторларының қатысуымен өңірімізде қоспажем және ағаш өңдеу өндірісі бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.  

Сондай-ақ, өңірімізде “KAZMEAL” ЖШС бидайды қайта өңдеу зауытының құрылыс басталмақ. Қаңырап бос тұрған бұрынғы Калинин атындағы зауыт “PP Solutions” компаниясына беріліп, мұнда осызаманғы дата-орталық құрылады. “Біз өнеркәсіп аймағында тұралап қалған нысандарды қайта қалпына келтіру мақсатында қаржы бөлетін боламыз. Бүгінгі күні 7 ірі инвестициялық жоба әзірленуде. Олар екі жылдан соң өңір экономикасына 80 млрд. теңге құйып, бір жарым мыңнан астам жұмыс орнын ашады”, – деді өңір басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp