«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ – ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңірлік Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындар өкілдерімен кездесті.

Бүгінгі таңда оған 39 солтүстікқазақстандық компания енгізілген. Олардың 20-сы биылғы жылдың өзінде өндірісті іске қосады.

2015 жылдың қаңтарында “Радуга” ЖШС-нің пластмасса, металл және құбыр өнімдерінің өндірісі пайдалануға берілді.  

Мағжан Жұмабаев ауданындағы “ЖНВ” ЖШС сапалы ет өнімдерін және шикізаттар өндірісінің көлемін ұлғайту бойынша жобамен Индустрияландыру картасына кірді. Жылына 180 мың тоннадан аса дайын өнімдер шығару жоспарлануда.

Наурыз айында Қызылжар ауданындағы “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі екі жел-энергиясы қондырғысын іске қосты. Серіктестіктегі 4 энергия генераторы шаруашылықтың сұранысын толық өтеп, шығындарды айтарлықтай азайтуда.

Үстіміздегі жылдың мамырында облыстық Индустрияландыру картасына еніп отырған тағы үш жобаны іске қосу көзделуде. Атап айтқанда, Аққайың ауданында “Ростан” ЖШС шығарылатын өнімдердің көлемін 140 тоннаға дейін арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін зауытты жаңғыртуда.

Петропавлда құрылыс саласындағы жобалар пайдалануға беріледі. “Полимерлі құрамдас бөліктер зауыты” ЖШС құрамдас бөліктер материалдарының өндірісін іске қосады, “Жүнісов” жеке кәсіпкерлігі тиімді жылыту блоктары өндірісін кеңейтіп, нарыққа шығады.

Жыл бойында Индустрияландыру картасының тағы 14 жобасы іске қосылады.

“Маусым айында тағы 11 жоба қаралады. Біз жаңа бастамаларға қолдау көрсетуге әрқашан да дайынбыз” , – деді Ерік Хамзаұлы.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp