«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

Оқушылар сарайында “Петропавл BilimLab” ресурстық орталығы ашылды. Облыстық білім басқармасы мен “Bilim Media Group” инновациялық компаниясы бірлесе ашқан орталық заманауи “Bilimland.kz” тұғырнамасы арқылы жұмыс істейді.

“Bilimland.kz” тұғырнамасы – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған курстардың жиынтығы ғана емес, жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған көмекші құрал. Аталмыш тұғырнамада “Twig-Bilim”, “imektep”, “itest” сынды бірнеше жоба қамтылған. Бұл көмекші құралдар арқылы жас мамандарға жаңартылған білім берудің ерекшеліктері мен артықшылықтары түсіндіріледі.

– Біз қаңтар айынан бастап бірқатар оқу орындарымен келісімге отырдық. Яғни, жарты жыл бойы студенттерге тұғырнамамен жұмыс істеуді үйретіп, жаңартылған білім бойынша білімдерін жетілдіруге көмектесеміз, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.
Аталған тұғырнамада жаңартылған білім беру мазмұнына сай 10 мыңнан астам сабақ қамтылған. Соның көмегімен жас мамандар түрлі таныстырылымдар мен танымдық анимациялық, мультимедиалық сабақтарды, оны бекітуге көмектесетін ойын түріндегі тапсырмаларды пайдалана алады.
Студенттер сабақты қызықты және мазмұнды етіп өткізуге көмектесетін бұл тұғырнаманың пайдасы зор екенін айтуда. Әрі орталықта білікті ұстаздар сабақ өткізіп, бөліседі. Аталмыш тұғырнама мектептердегі интерактивті оқытудың сапасын арттырады деп күтілуде.

Жансая ҚАЙЫПОВА. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp