«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ АРТТЫ

Beeline ұсынған 5G интернеттің жылдамдығы секундына 3 Гбитке жетті. Рекордты көрсеткіш еліміздегі алғашқы бесінші буын желісін сынақтан өткізу кезінде орын алды. Сынақ Шымкент қаласында 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Сынақ нәтижесіне қарай ұялы байланыс операторы технологияға салынатын инвестиция, Қазақстандағы 5G желісінің келешегі туралы қорытынды жасап, 5G желісін жаппай енгізуге өз желісінің қаншалықты дайын екенін бағаламақ.

5G желісін коммерциялық қолданысқа енгізу экономиканы, өнеркәсіпті, қалаларды цифрландыу үшін қажет. 5G желісін енгізген соң, «Бұйымдар интернеті» тәрізді технология жаппай дамиды деп санайды компания өкілдері.
«Қазір бизнес өндіріс пен бөлшек саудаға цифрлы технологияны белсенді енгізуге дайын. Біздің міндетіміз – әртүрлі технологиялық жолдармен оларға осындай мүмкіндік беру. Олардың негізгісі 5G желісін дамыту екені даусыз. Нарықтың барлық қатысушысын ортақ желі салу жолында бірігуге шақырамыз. Бұл – өте қымбат, әрі қайтарымы ұзақ технология. Бірақ, нарықтың барлық қатысушысы мен мемлекет тарапынан таңдалған бағыт дұрыс болса, таяуда оған бүкіл нарық қол жеткізе алады», – дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.
 

Beeline Қазақстан компаниясының корпоративтік қатынас қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp