«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИРИНА ЭКТОВА ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

– Солтүстікқазақстандық жеңіл атлет Ирина Эктова Рио-де-Жанейро қаласында өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензияны иеленді, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Олимпиада лицензиясын алу үшін спортшыларға Қазақстанның жастар біріншілігінде үш қарғып секіруден 14,2 метр ұзындықты бағындыру қажет болған. Біздің жерлесіміз бірінші мүмкіндікте болмаса да, оған қол жеткізе білді. Сайыстың қорытындысы бойынша Ирина 14,32 метрлік нәтиже көрсетіп, Олимпиадаға жолдаманың иесі атанды.  

Бұдан басқа, Алматыда 22-28 шілде аралығында өткен Ғ.Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарда Ирина Эктова үш қарғып секіруден жеңімпаз атанған болатын. Бұл сайыста күміс жүлдені тағы бір жерлесіміз Диляра Әбуова иеленді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp