Үстіміздегі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарына жолдамадан 9 солтүстікқазақстандық спортшы үмітті.
Бүгін оқырмандарымызды байрақты бәсекеге жолдаманы алғашқылардың бірі болып ұтып алған жеңіл атлетші Ирина Эктовамен жақынырақ таныстырамыз.
2008 жыл: Олимпиада ойыны (Қытай, Пекин қ.), Гран придің Азия сериялары (Тайланд, Бангкок қ., 1-орын), (Тайланд, Корат қ., 1-орын), (Вьетнам, Ханоэ қ., 2-орын).
2009 жыл: Азия біріншілігі (Қытай, Гуанчжоу қ., 3-орын), Азия ойындары (Вьетнам, Ханой қ., 2-орын).
2011 жыл: Ғ.Қосановты еске алуға арналған халықаралық жарыс (Қазақстан, Алматы қ., 1-орын).
2014 жыл: Азия біріншілігі (Қытай, Инчхон қ., 3-орын).
2015 жыл: Қазақстан біріншілігі (Алматы қ., 1-орын). Олимпиада лицензиясын алу үшін Ирина Қазақстанның жастар біріншілігінде үш қарғып секіруден 14,32 метрлік нәтиже көрсетіп, жолдаманың иесі атанды.
Бүгінде Ирина Эктова өзінің жолдасы Евгений Эктовпен бірге Петропавлдағы Спорт сарайында ұзындыққа секіруден облыстың бас бапкері Александр Эктовтың қарамағында жаттығады. Ирина – жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі.