«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Исламханның жаңа келісімшарты

Қазақстандық футболшы Ба­уыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің “Әл-Айн” коман­дасымен келісімшартқа қол қойды.

Келісімшарт алдағы үш маусым­ға жасалған. Қазақстандық футбол­шы­ның команда құрамына қосы­луы­на португалиялық бапкер Пед­ру Эмануэл қызығушылық танытты. Бауыржан Исламхан келісімшартқа қол қоймас бұрын бұл елдің каран­тин талабына сәйкес, жеті күнге оқ­шауланды. Коронавирусқа қарсы екі мәрте сынама тапсырып, толық медициналық қадағалаудан өтті.

Бауыржан Исламхан биыл 31 қаңтарда “Әл-Айн” командасымен маусым айына дейін келісімшартқа қол қойған болатын. Жасыл алаңға он рет шыққан отандасымыз бір рет мергендік танытып, үш мәрте нәти­желі пас берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp