Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің “Әл-Айн” командасымен келісімшартқа қол қойды.
Келісімшарт алдағы үш маусымға жасалған. Қазақстандық футболшының команда құрамына қосылуына португалиялық бапкер Педру Эмануэл қызығушылық танытты. Бауыржан Исламхан келісімшартқа қол қоймас бұрын бұл елдің карантин талабына сәйкес, жеті күнге оқшауланды. Коронавирусқа қарсы екі мәрте сынама тапсырып, толық медициналық қадағалаудан өтті.
Бауыржан Исламхан биыл 31 қаңтарда “Әл-Айн” командасымен маусым айына дейін келісімшартқа қол қойған болатын. Жасыл алаңға он рет шыққан отандасымыз бір рет мергендік танытып, үш мәрте нәтижелі пас берді.