Италияның Флоренция қаласындағы мануфактура өнеркәсібі және “Confimiimpresa Firenze” жекеменшік кәсіпорындары конфедерациясының өкілдері облысымызда болды.
Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев конфедерацияның директоры Рисалити Армандо бастап келген делегациямен кездесіп, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Онда өзара тиімді сауданы ұлғайту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, өңірлердің экспорттық әлеуетін арттыруға қатысты бірлескен шараларды атқару көзделген. Бұл шара Солтүстік Қазақстан облысы мен италиялық Тоскана арасындағы іскерлік байланыс пен достық қарым-қатынасты нығайтуға жол салмақ. Сондай-ақ, өңірлер инвестициялық ынтымақтастық саласында тәжірибе алмасады.
Кездесу барысында “Майлы дақылдар өндіруді оқшаулау және “Il Trebbiol” рапсын экспорттау” жобасын жүзеге асыру бойынша “Жол картасы” бекітілді.
(Өз тілшіміз).