«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИІСШІЛ ИТТЕР БҰЛТАРТПАДЫ

Өткен жылы иісшіл иттер 433 қылмысты ашып берді. Олардың көмегімен 24 килограмнан аса есірткі, соның ішінде 3 килограмға тарта героин тәркіленді. Ал биыл жылдың алғашқы айында иісшіл иттер 57 қылмыстың 12-сін ашуға жәрдемдесті.

Жақында “Росси” атты иісшіл иттің ұрланған сейфті тауып берген “ерлігі” айтуға тұрарлық. Облыстық ішкі істер департаменті кинология қызметі орталығының бастығы, полиция подполковнигі Александр Гавриленконың айтқанындай, инспектор-кинолог Петропавлда қыруар қашықтықта жыра-сайлардан, темір жолдың жол айырығынан өтіп, иіс шалған итпен бірге біраз жерді шарлаған. Ақыры Росси иіс бойынша Жұмысшы кентінде қылмыскерді ұстап берген.

Оның “Ева” атты “әріптесі” де бір қылмысты ізін суытпай ашып берді. Бұл неміс овчаркасы Есіл аудандық полиция бөлімінде “қызмет атқарады”. Ол жақында ауданның Қарағаш ауылында екі маралды атып алып, масайрап жүрген браконьерді ұстауға көмектесті. Екі сағаттың ішінде қылмыскер құрықталды. Сарайдағы атып алынған марал еті анық айғақ болып, қылмыскер тұзаққа түсті.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp