«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИІСШІЛ ИТТІҢ КӨМЕГІ

Кіші инспектор-кинолог, полиция старшинасы Марал Құсайынов пен оның Дана есімді овчаркасы Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде болған дүкен ұрлығын ашуда кәсібиліктерін көрсетті.

Дана ізге түсіп, гараждардың арасына қарай жүрген. Табылған айғақтар иттің дұрыс келе жатқанын көрсетті. Овчарка полиция қызметкерлерін бұрын істі болған қала тұрғынының үйіне алып келген. Үй ішінен дүкеннен қолды болған тауарлар да табылды. Ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды.

– Өткен жылы қызметтік-іздестіру иттері 685 рет із кесу шараларына қатысты. Жалпы иттердің көмегімен 717 қылмыс ашылды. Олардың 513-і – ұрлық фактілері, – дейді облыстық полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция майоры Самат Төлебаев.

Сондай-ақ, иттер денсаулыққа орташа зиян келтірудің – 6, алаяқтықтың – 169, тонаудың – 29, қарақшылықтың 2 фактісін ашуға көмектескен. Ит жылы есірткі заттарын анықтау бойынша фактілер де аз болған жоқ. Иттердің көмегімен 21 есірткіге қатысты қылмыс ашылып, жеті килограмнан астам есірткі заты тәркіленді.

 Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp