«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАДР ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫНАН ЖҰМЫС ӨНБЕЙДІ

Үстіміздегі жылдың өткен айларында мемлекеттік органдардың басшыларына рұқсат құжаттарын беру тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін 1 млн. 249 мың теңгеден артық сомаға 21 әкімшілік айыппұл салынды. 

Туындаған мәселені талқылау барысында кейбір қызмет көрсетушілердің құзырлы органдарға “Мониторинг” автоматтандырылған жұмыс орны және “Халыққа қызмет көрсету орталығы” біріктірілген ақпараттық жүйесі анықтамалықтарында қызметті көрсетушілердің атауларын қалпына келтіру жөніндегі хаттарды жібермегені анықталды. Осының салдарынан азаматтардың өтініштері басқа қызметті көрсетушілерге түскен. Жауапты мамандардың пікірінше, мемлекеттік қызметтегі кадр тұрақсыздығы және заң талаптарын жетік білмеудің салдарынан осындай заң бұзушылықтар орын алуда.

Осы орайда тараптардың мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру, ақпараттық жүйелердің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстары жинақталып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp