«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КАЗКОММЕРЦБАНК” – ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ

Өңірлік банк жүйесі ұжымдары арасындағы шағын футболдан дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған спорттық шараға облыстағы 20 банк филиалынан 300-ден аса қызметкер қатысты.

Осымен он тоғызыншы мәрте өткізілген дәстүрлі турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында “Казкоммерцбанк” құрама командасы жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Үздік шыққан командаға Ұлттық банктің кубогы табысталды. Екінші және үшінші орындарға “Ұлттық банк” пен “Альянс банк” ұжымдары жайғасты. Ал қыздар арасында “Шығыс” командасының айы оңынан туса, “Батыс” – екінші, “Оңтүстік” құрамасы үшінші орынды еншіледі.

Барлық жеңімпаз командалар грамоталармен, медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, “Үздік шабуылшы”, “Үздік ойыншы” және “Үздік қақпашы” аталымдары бойынша жеңіске жеткен ойыншыларға да арнайы жүлделер тапсырылды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp