Соңғы кездері экономика саласында “камералды бақылау” деген сөз тіркесі жиі қолданылып жүр. Аталмыш жаңа тексеріс түрі және оның артықшылықтары жайлы тұрғындардың дені біле бермейді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2015 жылдың 30 қарашасында “Камералды бақылау жүргізудің тәртібін бекіту туралы” бұйрыққа қол қойды. Бұл бұйрық 2015 жылдың 12 қарашасындағы “Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес қабылданды.
Камералды бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті және оның аумақтық құрылымдары жүргізеді. Аталмыш бақылаудың бір ерекшілігі – тиісті орган мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысандарына бармай-ақ, салыстырмалы аталмыш ақпараттық жүйе және сараптама негізінде, сондай-ақ, мемлекеттік аудит нысанының қызметі жөніндегі басқа да мәліметтер бойынша тексеру құқығына ие.
Ал камералды тексерістің артықшылығына келетін болсақ, ол арқылы көптеген заң бұзушылықтардың алдын алуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит нысанындағы әкімшілік жүктемелерді азайтып, заңдық тұрғыдан кеткен олқылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беріледі. Аталмыш тексеріс түрі 2016 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәуекел бейіні тізімі бойынша жүргізіледі. Бұған дейін конкурстық құжаттардың біліктілік талаптары және шарттары әлеуетті жеткізушінің мемлекеттік сатып алуларға қатысуын негізсіз қиындатып келген болатын. Енді мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша міндеттерді орындаудың қажеттілігі туындайды.
Сонымен қатар, камералды бақылау барысында заң бұзушылықтар анықталса, онда Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жауапты тұлғаға хабарлама жіберіледі. Онда көрсетілген қателіктерді жоюға бес күн уақыт беріледі.
2015 жылдың 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алулар туралы” №434 Заңы 22-бабының талаптары, атап айтқанда, конкурстық құжаттың жобасына ықтимал жабдықтаушыларға негізделген ескертпелер бойынша шаралар қабылданбаса, онда тапсырыс берушілердің бұл әрекеті заңды бұрмалаушылық болып табылады.
Жауапты тұлға ескертпеде көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты қағаз немесе электронды түрде жеткізіп, қажет болғанда растайтын құжаттармен бірге тиісті органға тапсыруы тиіс. Ал ескертпедегі заң бұзушылықтармен келіспеген жағдайда Заңның 37-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит нысаны берілген талап-арызды қарау нәтижесі бойынша комитетке дұрыс тұжырымдама жібереді.
Ескертпедегі олқылықтар белгіленген мерзімде орындалмағанда, Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит нысандарынан шоттары мен кодтары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.
Камералды бақылау нәтижесі бойынша тексеріс жүргізген тұлғадан заң бұзушылықтарды жою жөнінде ескертпе алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өз бетінше заң бұзушылықтарды жойған жауапты тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 2-тармағының ескертпесіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Виталий ПАК,
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша қаржылық бақылау
инспекциясының бөлім басшысы.