«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАМИЛЬДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Петропавлда бокстан КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафинді еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Жас былғары қолғап шеберлерінің жыл сайынғы бәсекесіне негізінен өз өңірімізден, сондай-ақ, еліміздің солтүстік және орталық облыстарынан және көрші Ресейден үміткерлер қатысты.

Аталмыш додада солтүстікқазақстандықтар бес мелдальды жеңіп алды. Атап айтқанда, Азат Елюбаев (69 кг.), Николай Чебанов (91 кг.) және Сергей Ветик (75 кг.) жеңімпаз атанса, Сейiлбек Омарбеков (81 кг.) пен Айытбек Нұрғалиев (60 кг.) күмiс медальды иеленді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp