«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАНДИДАТТАР ҰСЫНЫЛУДА

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша республикада мәслихат депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылғанын мәлімдеді. Олардың ішінде 107-сі – облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына, 804-і – аудандық мәслихаттарға, 139-ы – қалалық мәслихаттарға, 2 кандидатты саяси партиялар, ал 1048-і өзін-өзі ұсынған.

Оның атап өтуінше, қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттардың басым бөлігі, нақты айтқанда, 239-ы – Солтүстік Қазақстан, 197-сі – Қарағанды, 132-сі – Шығыс Қазақстан, 95-і – Қостанай облыстарынан тіркелген.

“Ұсынылған кандидаттардың бесеуі – Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген. Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар. Ер адамдар – 693, әйелдер – 357. Орташа жасы – 41 жас”, – деді Б.Мелдешов.

ОСК хатшысының мәліметтеріне қарағанда, 720 кандидаттың жоғары білімі, 257-сінің арнаулы орта және 72-сінің орта білімі бар. Кандидаттардың 56 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 пайызы басқа кәсіппен айналысады. Округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркеді.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp