«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАНТИНДЕГІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

Жергілікті өнерпаздардан құралған еріктілер карантиндегі Қызылжар тұрғындарына концерт қойды.

Бұл шара облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйым­дастырылды. Төрт топқа бөлінген өнерпаздар карантинге жабылған 12 көпқабатты тұрғын үйдің алдында ән айтып, оқшауланған тұрғындардың көңілін көтерді. Аспанда қалықтаған әсем ән көңілдерін көтерген қызылжарлықтар өздерінің ризашылықтарын білдірді. Облыстық халық шығармашылық орталығы, филармония және қалалық Мәдениет үйінің әртістеріне қолдау білдірген Яна Богова, Алма Банных, Александр Зайберт сынды жеке орындаушылар да еріктілердің қатарынан табылды.

– Карантинге жабылған тұрғындар үшін ұйымдастырылған бірреттік акция көпшіліктің көңілінен шықты. Асылан Төкен, Данияр Қостанов, Қымбат Оспанова, Мұрат Бекжанов және тағы басқа өнерпаздар патриоттық, лирикалық әндерді шырқады. Орындаушылардың өнерін тамашалаған көрермендер ризашылықтарын білдірді. Біз үшін бұдан асқан құрмет жоқ, – деді облыстық филармонияның директоры Ботагөз Ақмағамбетова. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp