«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАНТИН АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

Айыртау ауданындағы Елецкое елді мекенінде “Ньюкасл” ауруына байланысты енгізілген карантин алынып тасталды.

Үстіміздегі жылдың шілде айында бұл ауылда бір жарым мың тауық қырылып қалған болатын. Сол себепті мұнда карантин жарияланып, елді мекеннен құс өнімдерін шығаруға тыйым салынған еді.

Облыстық ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, ауылдағы әрбір аулаға дезинфекция шаралары жүргізіліп, қауіпті орындар залалсыздандырылған. Сондай-ақ, індеттің алдын алу шаралары тұтастай округті қамтып, екі жарым мыңнан астам тауыққа вакцина жасалды. Осылайша, құс ауруы толық жойылған. Қазіргі таңда сауда-саттық жасауға рұқсат беріліп отыр.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp