«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН САУНА

Петропавлда карантин кезінде бір сауна жұмыс істеп тұрғаны анықталды. 1981 және 1985 жылы туған екі петропавлдық бір кешті моншада өткізбекші болып, телефон арқылы оның иесіне хабарласқан. Ал табыстан айырылғысы келмеген кәсіпкер әйел оларға қызмет көрсетуге қуана келісіп, өтініштерін аяқ асты етпесе керек. Алайда полицейлердің рейді жігіттердің демалысының шырқын бұзды. Екі жігітке және 43 жастағы монша иесіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 467-бабы бойынша материал жиналды. Олардың барлығына сот шешімімен төтенше жағдай режімін бұзғандары үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Өңір полицейлері індет жұқтыру қаупін азайту мақсатында карантин кезінде жабық тұрған дәмханалар, клубтар, монша кешендеріне рейдтер жүргізіп тұрады. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің таралуына қарсы күресте мұндай шаралардың маңызын барлығы бірдей түсіне бермейді. Солтүстік Қазақстан облысында Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша 634 хаттама толтырылды. 29 көңіл көтеру орнының, 27 сауда нүктесінің иесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ, карантиндік оқшаулау орнынан өз еркімен шығып кетудің 8 жағдайы анықталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp