«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕСКЕРТІЛУДЕ

Петропавл қаласында карантин кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күн сайын күш құрылымдарының 540 қызметкері жұмылдырылады. Оның ішінде полицияның 140 қызметкері, Ұлттық ұланның 150 әскери қызметшісі мен Әскери институттың 250 курсанты бар. Жаяу жасақтар мен автопатрульдер көшелерді, қоғамдық орындарды бақылап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Бейнебақылау камералары – карантин кезіндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы тиімді құрал. Облыстық полиция департаменті штабы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бақытжан Әлібековтің айтуынша, Петропавлда бүгінгі күні 410 камера жұмыс істеп тұр. Олардағы бейнежазба қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына келіп түседі. Орталық қызметкерлері патрульдік жасақтардың жұмысын реттеп, оларға болып жатқан оқиғаларды жеткізіп, заң бұзушылар жайлы хабардар етіп отырады. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен 345 заңсыздықты анықтады. Сондай-ақ, 4899 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Патрульдік полиция сонымен қатар тұрғындар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күн сайын 15 автопатруль қаладағы тәртіпті қадағалайды. Патрульдік автокөліктерден дауыс күшейткіш арқылы карантин кезіндегі сақтық шаралары туралы айтылады. Тұрғындарға тек қана дүкенге, дәріханаға, жұмысқа және үйге баруға рұқсат. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға блмайды. 65 жастан асқан азаматтар үйде болуы қажет. Азық-түлік дүкендері және дәріханалар бұрынғыдай жұмыс істейді. Сауда үйлері мен орталықтары, базарлар жабылды. Супермаркеттер сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Қауіпті індеттің таралуына орай  шектеу шараларының қатаңдатылғанына қарамастан, кейбір қала тұрғындары талаптарды елемеуде. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.  Облыста төтенше жағдай режімін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды,  оның 30-дан астамы карантин кезінде орын алды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp