«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Караоке-бардағы туған күн

Түн ортасы ауа Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне телефон соққан адам “Royal Palace” мейрамханасының караоке-барында жанжал орын алғанын айтқан. Тексеру үшін жақын маңдағы автопатруль жіберілді.

Алайда, тәртіп сақшылары есік іштен жабық тұрғандықтан кіре алмаған. Біраз уақыттан соң мейрамхана қызметкерлері есікті ашуға мәжбүр болды. Бар ішіндегі қонақтар бірінші полиция бөліміне жеткізілді.

Олардан жауап алу барысында караоке-барға келгендер танысының туған күнін атап өткен. Карантиндік шараларды бұзғаны үшін әр келушіге қатысты материал жиналып жатыр. Кейін ол материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберіледі. Аталған көңіл көтеру орнының иесіне қатысты заңнамамен көзделген шаралар қабылданады.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp