Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 50 жылдығына орай Новоишимка ауылында балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында шинкиокушинкай каратэден ауданның ашық біріншілігі өтті. Осы додада алаң иелері мен Петропавл қаласынан келген 80-ге жуық спортшы күш сынасты.
Жарыстың қорытындысы бойынша 30 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Никита Савицаға тең келер қарсылас болмады. Рамазан Ықсанов 30 килограммнан жоғары салмақта татамиге шығып, алтыннан алқа тағынып қайтты. Сонымен қатар Әмір Белогуб, Игорь Пипко, Станислав Фатеев, Рахат Бейісов және Ростислав Скворцов өздерінің жас ерекшеліктері және салмақ дәрежелері бойынша өткен бәсекелердің нәтижесінде – күміс, ал Наиль Усманов пен Тимур Омаров қола медальдарды еншіледі.
Жеңімпаздар грамоталармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.