«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Катардан келген көмек

Катар мемлекеті әлемді жайлаған індетпен күресте елімізге гуманитарлық көмек жібергені белгілі. Жанашырлықтың белгісіндей болған гуманитарлық көмек облыстарға таратылып, бір бөлігі өңірімізге бұйырды. Оның қолды болмай, тиісті ұйымдарға бөлінуін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция департаменті мамандары мен қоғам өкілдерінен құрылған жұмыс тобы қатаң бақылауда ұстады. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде аса қажетті медициналық керек-жарақтар 27 ұйымға таратылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жеке бас қорғаныш құралдарының 18 түріне жататын 30 мыңға жуық медициналық керек-жарақ келіп түскен. Өңір үшін маңызды көмек медициналық ұйымдардың қажеттілігі бойынша бөлінді. Мәселен, коронавирусқа шалдыққандарды емдеп жатқан №1 қалалық аурухана ұжымына 30 арнайы, 170 хирургиялық костюм және 300 дана қорғаныш көзілдірігі жеткізілді. Осындай көмек уақытша стационарлар мен “Жедел жәрдем” қызметіне де берілді.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp