Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» және «Еңбекке орналасуына шетелдік жұмысшыға рұқсат беру және ұзарту мен жұмыс берушілерге әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес аумақта еңбек қызметін жүргізу үшін жұмыс күшін тартуға рұқсат беру» сияқты екі мемлекеттік қызметті көрсетеді.
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі жергілікті атқарушы орган немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы тегін көрсетіледі.
Мемлекттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да мемлекеттік қызметі алу алу үшін қажетті құжаттар: өтініш; өмірбаяны (еркін нысанда); өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары); өтініш берушінің оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш берушілер өтінішке бұрын берілген оралман мәртебесін беруге келісім туралы шешімнің көшірмесін қоса береді.
Өтініш берушілер оралман мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген оралман мәртебесінің көшірмесін береді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар да және көшірмелер де ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі оралман мәртебесін беру кезінде – оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзартқан жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімі болып табылады.
Қазақстан Республикасында шетел жұмыс күші жұмыс берушілердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген рұқсаты негізінде жұмыс күші тартылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат талап етілмейтін адамдардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа қатысушы (Беларус Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Респуликасы, Қырғызстан Республикасы). мемлекеттердің азаматтары болып табылатын адамдардың тізбесі белгіленді. Рұқсаттарды беру немесе ұзарту үшін жұмыс берушілерден салық алымы алынады. Экономиқалық қызметтің түріне және тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санатына байланысты алым мөлшерлемелерінің мөлшері 137 бастап 250 АЕК-не дейін өзгеріп тұрады.
Рұқсат халықты жұмыс қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде беріледі. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттар басқа жұмыс берушілерге беруге жатпайды, тиісті аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін біздің басқарма қызмет алушыларға осындай 68 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оралман мәртебесін беру немесе ұзартуға, сондай-ақ еңбек қызметін жүргізу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға төрт рұқсат берілді.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ukzsp.sko.gov.kz басқарма интернет-ресурсы арқылы, 8 (7152) 46-37-43, 36-19-32, телефоны бойынша алу мүмкіндіктері бар, сондай-ақ басқарманың ақпараттық стендінде ақпарат орналасқан.