«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша депар­та­менті мүмкіндігі шектеулі аза­маттардың кедергісіз жүріп-тұ­руын қамтамасыз ету мақсатын­да 56 нысанға тексеріс жүргізіп, заң талаптарын орындамаған­дарға қатысты ұйғарым шығарды. Департамент қызметкерлерінің жүр­гізген жұмыстары негізінде кем­шіліктердің 50 пайызы түзе­тілді. Яғни, қоғамдық орындар мен ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар орнаты­лып, олар арнайы құрал-жабдықтар­мен қамтамасыз етілді. Сон­дай-ақ, тексеріс қорытындысы бойынша мұндай азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасамағаны үшін 8 кә­сіпорын басшысының үстінен әкім­шілік құқық бұзушылық тура­лы іс қозғалып, олар жалпы со­масы 1 439 250 теңгенің айып­пұлын төлейтін болды.

“Мүгедектерді әлеуметтік қор­ғау туралы” заңның 14 бабына сәй­кес мүмкіндігі шектеулі аза­маттар үшін әлеуметтiк инфрақұ­рылым нысандары кiрiп-шығуға ың­ғайлы болуы тиіс. Яғни, кәсiп­керлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көлiк құ­ралдарына, тұрғын үйлерге, қо­ғамдық және өндірістiк үйлерге, үй-жайларға және тағы басқа ғи­мараттарға арнайы құралдар ор­нату арқылы өздігінен жүріп-тұра алмайтын жандарға толыққанды жағдай жасауға мiндеттi. Мұндай жағдай жасамаған лауазым­ды тұлғалар – 50, шағын кәсіпкер­лік субъектілері – 120, ор­та кәсіп – 200 және ірі кә­сіпкерлік ұйымдары 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып­пұл төлеуге міндеттеледі.
Қазіргі таңда мемлекет тара­пынан мүмкіндігі шектеулі жан­дардың мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, осын­дай тұлғалардың құқықтары ар­найы қабылданған конвенцияда толықтай көрсетілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзгелермен тең дәрежеде қоғамдық ұйымдар­дың қызметін еркін пайдаланып, ақпараттық-коммуникациялық тех­нологиялар мен жүйелерді қо­са алғанда ақпарат пен байла­нысқа, өзге де күнделікті өмірдегі қажеттіліктерге еш кедергісіз қол жеткізе алуы керек.

Гаухар ГАБДУЛЛИНА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp