«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗДЕСУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек апталығы ресми түрде басталды. 

Боксшылар мен олардың командалары жексенбі күні таңертең өтетін жекпе-жекке дейін арнайы кесте бойынша дайындалатын болады. Жекпе-жек алдындағы аптаның кестесі төмендегідей: 1 қазан. Боксшылар АҚШ-тың Нью-йорк қаласындағы “Madison Square Garden” залында ашық жаттығу өткізеді. Бұл шараның басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-ге жоспарланған. 3 қазан. Боксшылардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 4 қазан. Ресми салмақ өлшеу рәсімі. Манхэттен орталығында өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен сенбіге қараған түні 2:00-де). 6 қазан. (жексенбі таңертең) Головикн vs Деревянченко бокс кешінің басталуы.

Сурет https://www.inform.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp