«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кездесу кейінге қалдырылды

Қазақстандық кәсіпқой бокс­шы Дәурен Елеусінов пен мек­сикалық Хуан Карлос Рэйгос­тың орта салмақтағы “WBC International” титулын сарапқа салатын жекпе-жегі кейінге қалдырылды.

Жекпе-жек 15 тамыз күні Мекси­кадағы Гвадалахара қаласында өтуі тиіс еді. Боксшылар ресми сал­мақ өлшеу рәсімінен өткенімен, рингке шыға алмады. Бір қызығы, бокс кеші тоқтатылған жоқ. Рингте тек әуесқой боксшылар жұдырық­тасты. Әзірге жекпе-жектің қашан өтетіні белгісіз.

34 жастағы Дәурен Елеусінов Мек­сикада 2019 жылдың ақпанын­да өнер көрсеткен болатын. Қазақ­стандық 2014 жылдың желтоқса­нын­да кәсіпқой бокста дебюттік кез­десуге шықса, жекпе-жектерінің се­гізін АҚШ-та өткізген. Ал 30 жастағы Карлос Рэйгоса 2010 жылдан бері өнер көрсетеді. 2018-2019 жылда­ры үш рет Канадада жұдырықтас­са, қал­ған жекпе-жектер өз елінде өткен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp