«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп Халыққа қызмет ету орталығына кезекті брондау процесін оңтайландырды. Автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы Халыққа қызмет ету орталығына кезекті брондау кезінде сатушының, көлік иесінің ЖСН-і (егер автокөлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН-ін көрсету қажет, барлық үш ЖСН-ға бір қызметті алу үшін жүйеде тіркеледі.
Белгіленген уақытта арнайы Халыққа қызмет ету орталығына келген кезде талон кезекке қойған басқа адамдардың деректеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігінсіз ЖСН-нің біреуіне ғана беріледі. Яғни, мамандандырылған Халыққа қызмет ету орталығына кезекке автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі көрсетілген жағдайда ғана тапсырыс беруге болады.
Осылайша, орталықтың қызметкері сенім білдірілген тұлға туралы мәліметтерді арнайы Халыққа қызмет ету орталығына келген кезде кезекке қойған тұлғалар туралы деректерге өзгерістер енгізу қажеттілігінсіз алдын ала алады. Халыққа қызмет ету орталығында (арнайы Халыққа қызмет ету орталығы емес) кезекті брондау бұрынғы форматта қалады.
Telegram (EgovKzBot2.0), Вконтакте (Портал eGov.kz) және Facebook (Портал Egov.kz) чат-боттары арқылы кезекті брондау үшін басты мәзірде «ХҚКО-да кезекті брондау» батырмасын таңдау қажет, одан кейін нұсқалардың бірін (кезекке тапсырыс беру немесе қайта брондау) таңдау керек.
Сәтті брондау кезінде мессенджерге немесе чат-ботқа хабарлама түседі, егер мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, пайдаланушыға SMS-хабарлама келеді. Кезекті алдын ала брондауға тәулігіне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь болса, жаңадан брондау мүмкін емес, оны қайта брондау керек.
Әсет ҚАНАФИН.